“СТУДЕНТ көктемі –2014”

Жастық жігермен жалындаған жастар өміріндегі елеулі сәттердің бірі – студент көктемі фестивалі. 
"Туған жерім, тың өлкем" атты биыл-ғы шара да қала өмірін қызық думанға кенелтіп, дарынды жастарды өнер өріне жүздірді. Әсем ән мен тәтті күй, мың бұралған би тыңдарманы мен көрерменін тауып, көпшілік қауымның ыстық ықыласына кенелді.
Нәтижесінде Торғай гуманитарлық колледжі – "Сахна шебері", ТАТК – "Өнерлі ұжым", Арқалық медицина колледжі – "Өнердің жанашыры", Арқалық көпсалалы колледжі – "Сегіз қырлы, бір сырлы", Арқалық политехникалық колледжі  – "Ең белсенді ұжым", АрқМПИ – "Көркемөнерпаздар ұжымының үздігі" номинацияларымен марапатталды.
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓