«Жылдың жас тілшісі» – Злата

А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетінде мектеп оқушылары арасында өткен шығармашылық байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды.
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен «Балалар жылына» орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – өңіріміздегі жас тілшілерге қолдау көрсету және таныту, балаларды және жастарды журналистика саласына қызықтыру, журналистикамен айналысатын балалар мен жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, балалар және жастар ақпараттық және баспа жобаларын қолдау және таныту, қазіргі балалар және жастар журналистикасы және баспа ісінің негізгі даму үрдісін анықтау, оқушыларды ерте бастан кәсіби бағдарлау. Шараны А.Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы ұйымдастырды.
Баспа БАҚ: Заметка, репортаж, очерк. Тележурналистика: видеорепортаждар. телебағдарламалар (сұхбат, жаңалықтар, жарнама). Радиожурналистика (радиобағдарламалар, сұхбат, бағдарламалар, жарнамалар). Ғаламтор-ресурстары (әлеуметтік желілер: форумдар, блогтар, сайттар). Фотожурналистика салалары бойынша өткен БАҚ және жас тілшілердің «XXI ғасырдағы балалар ақпараттық кеңістігі» байқауына 88 жұмыс қабылданып, Қостанай, Рудный, Арқалық, Тобыл, Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл, Аманкелді аудандарынан 52 автор тіркелді. Талантты жас тілшілер анықталып, арнайы марапатқа ие болды.
– Биыл біздің мектебімізде журналистика үйірмесі құрылған болатын. Бір жыл ішінде шығарма, эссе жазуды үйреніп жүрміз. Оның сыртында мектебімізде өз газетіміз бар. Тырнақалды туындыларымызды жариялап тұрамыз. Бірінші рет байқауға қатысып, бағымды сынадым. Мен үшін күтпеген сый болды. Алдағы уақытта кітап оқып, шығармашылықпен айналысатын боламын. Мұндай байқаулардың шығармашыл жастарға берері мол деп ойлаймын, – дейді Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Абдуғалиева.
«Жылдың жас тілшісі» Рудный қалалық Д.Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Злата Иванова атанды. «Бірінші дәрежелі» дипломмен Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының оқушысы Айым Абдуғалиева мен Меңдіқара аудандағы Ломоносов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Ясмина Исабаевлар марапатталды. Ал «Екінші дәрежелі» дипломмен Қостанай қаласы №17 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Илья Терехова мен Арқалық қаласындағы «Жас-Ұлан» балалар мен жсөспірімдер орталығының оқушысы Рауана Жаналина, Меңдіқара аудандағы Ломоносов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Анастасия Курман иеленді. Меңдіқара аудандағы Ломоносов жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Наталья Марченко, Тобыл қаласындағы мектеп-гимназиясының оқушсы Полина Папенко, Рудный қалалық Д.Карбышев атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ярослав Ткачуктар «Үшінші дәрежелі» дипломдарға лайық деп танылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓