Жеңіс күніне арналған жарыс
Ұлы Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні қарсаңында өрт сөндірушілер жеңіл атлетикадан жарыс өткізді. Физика-математикалық лицейдің стадионында өткен жарысқа Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары және Қостанай ауданынан 6 команда қатысты. Командалар жеңіл атлетиканың 5 түрі бойынша жарысты. Әрбір қатысушы өз командасының намысы үшін бар күшін салып, жеңіске ұмтылды. Тартысқа толы сайыста Қостанай қаласы ӨҚЖҚ 1-ӨСБ командасы жеңіске жетті. Лисаков қаласы 18-МӨСБ екінші, Қостанай қаласы ӨҚЖҚ 2-МӨСБ үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.