Ел мүддесі ескерілді
Қостанай облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары Р.Рашитов, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Бектұрғанова, облыстық мәслихаттың депутаты А.Сауденовалар "Нұр Отан" партиясының қалалық бөлімшесінде мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуді қала әкімі, "Нұр Отан" партиясының қалалық бөлімшесінің төрағасы Ғ.Бекмұхамедов жүргізіп отырды. Қала әкімінің орынбасары Е.Теменов, Арқалық ауданаралық қаржы полициясының басшысы М.Мұсабаев баяндама жасады.
Бүгінде қаланың бас жоспары жасалуда. Онсыз қала құрылысы қарқындамайды. Қаланың экономикалық дамуына мемлекеттік бағдарламалар үлкен серпін әкелуде. Мәселен, моноқалалар бағдарламасы бойынша биыл бұзыл-ған үйлерді сыру үшін республикалық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінді.
Халық қалаулылары кәсіпкерлермен де кездесу өткізді. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді толғандырған басты мәселе несие алғанда банкке қоятын кепілдеменің жоқтығы. Бұл мәселе облыс басшылығына да жақсы таныс. Осыған орай арнайы келген "Аграрлық несиелік коорпарациясы" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Ауылшаруашылығына қаржылай көмек көрсету қоры" АҚ облыстық филиалдарының басшылары мен бас менеджерлері А.Жұмашев, К.Жаңбыршин, Т.Ещановтар бизнес өкілдерімен қоғамдық қабылдаулар өткізді.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.