Екі мектептің атауы өзгерді
Қостанай қаласы білім бөлімінің мамандары хабарлағандай, екі мектепке жаңа атау беру туралы облыс әкімдігінің қаулысы 21 қарашада шыққан.

«Юбилейный» шағын ауданындағы №27 жалпы білім беретін мектеп ұлы ақын Абайдың есімімен аталатын болды. «Әуежай» шағын ауданында орналасқан №29 мектепке Әлихан Бөкейхановтың аты берілді, – дейді бөлім мамандары.

Айта кету керек, облыс орталығындағы тағы бір білім ошағы – №28 мектептің ұжымынан мекемеге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы хат келген. Бұл құжат қазір қаралу үстінде.
Дереккөз: top-news.kz