Кәсіпкерлер палатасы Азаматтарды қабылдаудың күніне белсенді қатысты

Бүгін Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бастамасымен өткізілген "Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" іс-шарасына қатысты. 
Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес сұрақтарына жауап беруде. Данияр Күзенбаев жыл басынан бері Палата алаңында 1700-ден астам бизнес өкілдерін қабылданғанын атап өтті. Өтініштер саны артып келеді. Бұл – "Бизнесті қорғау экожүйесі" жобасы аясындағы тиімді көмектің көрсеткіші. 
Бүгін бірден бірнеше мәселе шешілді. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі ата-аналар мен балалар қоғамдық бірлестігінің өкілі Шынар Жалмұхамбетова бизнес-жобаны іске асыру үшін кеңес алу мақсатымен жүгінді. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру бойынша көмек көрсететін, жұмыс істеу үшін жағдай жасалған орталық құруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта орталықтың құрылысына жер телімін алу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Кәсіпкерлер Палатасы жобаның сәтті іске асуына атсалысатын болды.
– Бұл іс-шара "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясындағы жұмыстың тиімді тетігіне айналып отыр, – деп атап өтті Данияр Күзенбаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓