Кезекті рет жәрдем келді
Қостана облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына кезекті гуманитарлық көмек келді. Жүкті Түркия елінен және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жолдаған.
Сонымен, басқарма 2 жасанды тыныс алу аппаратын қабылдап алды. Олар Жангелдин және амангелді аудандарына беріледі. Сондай-ақ, 80 мың дана бетперде, 3 600 дана көзілдірік, 2000 қорғаныш халаты, 6 700 қорғаныш костюмі, 25 100 дана қорғаныш экраны келген. Бұлар, тиісінше, таяу уақытта барлық медициналық мекемелерге үлестіріледі.