Шекарашылардың шығармашылық сайысы

Қостанай қаласындағы "Мирас" МҮ-де ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 30 жылдығына арналған «Шекара шебінде» әскери-патриоттық байқауының шешуші кезеңі өтіп, жеңімпаздары марапатталды.
Облыстық департаментке қарасты бөлімшелерде алғашқы іріктеу кезеңінен өтіп, өз әскери ұжымдарында үздік атанған қатысушылар шешім шығару шарасына жиналды.
Қатысушылардың шығармашылығын облысқа танымал өнер иелерінен құрылған қазылар алқасы бағалады.
"Байқау мақсаты – әскери қызмет өткеріп жатқан жеке құрамның шығармашылық әлеуетін одан әрі дамыту және жетілдіру, тарих пен жауынгерлік дәстүрлерді, шекарашылардың Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлігін бейнелейтін жаңа музыкалық-поэтикалық шығармаларды жасау және дәріптеу. Байқауға қатысушылардың репертуарында Отанға деген сүйіспеншілікке, Шекара қызметіне, әскери жолдастық пен достыққа арналған, патриотизм мен жоғары азаматтық жауапкершілікке тәрбиелейтін музыкалық шығармалар болды", – – дейді ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Байқау нәтижесінде "Аршалы" шекара бөлімшесінің әскери қызметшісі, қатардағы Абай Қосаев Гран-при иегері атанды. 1 орын – "Кеңарал" шекара бөлімшесінің әскери қызметшісі, ефрейтор Тимур Біржановтың еншісінде. 2 орынды "Ұзынағаш" шекара бөлімшесінің әскери қызметшісі, ефрейтор Айтмағанбет Ысқақ иеленді. Ал 3 орын "Мағынай" шекара бөлімшесінің әскери қызметшісі, қатардағы Юрий Артиковқа бұйырды.
Байқаудың барлық жүлдегері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓