Қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Биылғы бозкілем бәсекесінде ел намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.
12-14 желтоқсан аралығында Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін чемпионатқа әлемнің 40 елінен 350 балуан қатыспақ. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі ұлттық құрама туралы мәлімет берді.
«Биыл «Дала Қыраны» титулының иегерлері – Бекжан Төлепов (55 келі), Марат Нигматуллаев (60 келі), Нұр Аманшүкіров (66 келі), Жұмажан Қожамбеков (74 келі), Айдын Дартаев (82 келі), Тоқтарбек Айдарбек (90 келі), Мұхит Тұрсынов (100 келі) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) ел намысын қорғайды», – деді баспасөз қызметіндегілер.
Осы жылғы чемпионатта балуандар балуандар ересектер, жастар және жасөспірімдер санаты бойынша күш сынасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓