Кең болсаң, кем болмайсың

Қарашаның соңғы күндері "Екібастұз жылу-энерго" ЖШС-інде апат болып, 150 мың тұрғыны бар қала қақаған аязда жылусыз, ыстық сусыз қалды. Құзырлыр органдардың берген мәліметіне қарағанда, шаһардағы жылу желілерінің 90%-тен астамының әбден тозығы жеткен. Көнерген құбырлар қатты қысымға шыдас бермей, қаланың тұтас бір аумағындағы орта­лық жылу магистралдары бірінен соң бірі істен шыққан. Екібас­тұз­дағы жағдайға алаңдаған ел тұрғындары, жеке компаниялар іле гуманитарлық көмек жөнелте бастады. Бұдан қостанайлықтар да шет қалған жоқ. "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деген тәмсілді  жадына түйген жерлестер тығырыққа тірелген екібастұздықтарға көмек қолын созды. Мәселен,  Қостанайдағы "Олжа Агро" холдингі шағын қаладағы  елу отбасына атаулы көмек көрсетті.
-Қалыптасқан жағдайға  байланысты Екібастұз тұрғындарына  сабырлық тілеймін. Бүгінде еліміздің барлық өңірінен кез келген келеңсіз жайтқа бей-жай қарамайтын қазақстандықтар бұл жолы қала тұрғындарына гуманитарлық көмек бері жатыр. Біздің ұжым да оссы бір қысылтаяң шақта қол қусырып отыруды құп көрмедік. Тұрғындарға  қажетті атаулы көмек көрсетілді. Компания әрқашанда әлеуметтік жауапкершілікті бәрінен жоғары қояды.  Қасірет бәрімізге ортақ. Еліміздің бизнес-қоғамдастығын осы бастаманы мүмкіндігінше қолдауға шақырамын. Өйткені, нағыз патриотизм дәл осындай әрекеттерден көрінеді, – дейді "Олжа Агро" холдингінің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров.
Жалпы, компания басшылығы қайырымдылық мақсаттарға 1 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Ал Екібастұз тұрғындарына қажетті жылы киімдер, жылытқыштар сияқты елу қорап гуманитарлық  көмек  жіберілдіі.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓