Келер жылға – 113 жоба

БАйменова фото (1)
Облыс аумағында 110 мыңнан астам оқушы білім алатын 494 мектеп жұмыс істейді. 337 мектептегі 22 мың шәкіртке штаттық режимде оқыту ұйымдастырылған. Ал 63 мың бала білім беру платформаларын (kundelik, Mektep Online) пайдаланана отырып, қашықтық форматта білім алуда. Ата-аналардың өтініші бойынша 157 мектепте толымдылығы 15 адамға дейінгі бастауыш сынып оқушыларының кезекші топтары жұмыс істейді. Мұндай форматта 24,9 мыңнан астам оқушы білім алуда. Осы және оқу жылының алғашқы айларындағы білім берудің нәтижелері жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова өңірлік коммуникация қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында баяндады.  
Айтуынша, кезекші топтардың жұмыс жағдайында сыныптар екі кіші топқа бөлінеді. Тиісінше, мұғалімдердің жүктемесі де артады. Қосымша жұмыс істегені үшін мұғалімге нақты өткізілген сағаттарына жергілікті және республикалық бюджеттер есебінен қосымша жалақы төленеді. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін мектептерде барлық тиісті шаралар қабылдануда: маскалық режим, медицина қызметкерлері күнделікті байланыссыз термометрлермен, аяқ киімнің табаны мен қолды  өңдеу арқылы таңертеңгі сүзгіден өткізеді.
– Облыста қашықтан оқыту Onlinemektep, Еdupage және тағы басқа білім беру платформалыры арқылы жүргізіледі. Оқу жылының басынан бастап пайдаланушылар саны 2,9 млн адамды құрады. Оқушылар 1,5 млн-нан астам сабақты қараған. 30 мыңнан астам сабақ өткізілді, оның ішінде синхронды форматта 12 мыңнан астам сабақ болса, 18 мыңға жуық сабақ асинхронды форматта өтіп отыр. Облыстың әр мектеп бөлінісінде платформалардың пайдалануына талдау жүргізіліп, мұғалімдердің сыныпта тек бір платформаны қолдануына ұсыныстар берілді. Қашықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау мақсатында жергілікті бюджеттен және Үкімет резервінен 3,8 млрд теңгеге 21 мың компьютер сатып алынды. Атап айтқанда, жергілікті бюджет есебінен 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер, Үкімет резерві қаражаты есебінен 2,4 млрд теңгеге 15,2 мың компьюте, – деді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні 1,7 млрд теңгеге 85 мың компьютерлік техника комплектісін жеткізу жүзеге асырылыпты. Қашықтық оқытуын ұйымдастыру үшін облыста оқушыларға қайтару негізімен 12,5 мыңға жуық компьютерлік техника берілген. Ал қазан айының соңына дейін облыстың 20 өңіріне бөлініп берілетін 12,7 мыңнан астам ноутбук пен планшеттерді жеткізу күтілуде. Осылайша, «бір компьютерге балалар саны» көрсеткіші 7-ден 4-ке дейін азаймақ.
– 2020 жылдың жаз маусымында 133 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізу үшін 11,1 млрд теңге бөлінді, ол өткен жылға қарағанда 3 есе көп. 2021 жылға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жобалардың тізімін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 15,1 млрд теңге болатын жобалардың жалпы саны – 113. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жүргізілетін 32 нысанның 3-інің ғана жобалық-сметалық құжаты бар. Олар 1,1 млрд теңгені құрайды. Қалған 29 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, – деді З.Бәйменова.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓