Халық ақыны Қонысбай Әбіл өмірден озды

Қазақ мәдениеті мен әдебиеті ауыр қазаға душар болды. Қазақстанның Халық ақыны, сатирик, композитор, "Парасат" орденінің иегері Қонысбай Әбіл 69 жасқа қараған шағында өмірден озды.Ол Қостанай облысы, Жанкелдин ауданында туған. Баспасөз саласында ұзақ жылдар табысты еңбек етіп, айтыс сахнасында "әй-әй ақын" деп танылған азамат.
Ауыр қазаға байланысты марқұмның отбасына, жерлестерімізге, бүкіл Алаш жұртына қайғырып көңіл айтамыз!

"Қостанай таңы" редакциясы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓