Бір мезетте он кабинет ашылды
Қостанай қаласындағы №21 жалпы білім беретін мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бұл кабинет ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін мектептерге бейімделуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Балалар жылы аясында өңірімізде бір мезетте 10 кабинет ашылып отыр. Мұндай кабинеттерді ашудың мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тиімді моделін құру, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдауда көмектесу. Биыл облыстық мәслихат депутаттарының қолдауы арқасында облыстық бюджеттен биыл Меңдіқара, Қостанай, Аманкелді, Б.Майлин аудандары мен Қостанай (3), Рудный қалаларында инклюзияны қолдаудың 8 кабинетінің ашылуына 45,7 млн теңге бөлінді. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3 кабинет өз жұмысын бастады, алайда барлық 10 ИҚК-ның ашылып отыр. Сондай-ақ «Дара» жеке қоры Сарыкөл және Жітіқара аудандарында 2 кабинеттің ашылуына 3 млн теңге бөлді», – деп атап өтті облыстық білім басқармасының балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы Валерия Шатровская.
Енді облыста 140-тан астам баланы қамти отырып, инклюзияны қолдаудың 14 кабинеті жұмыс істейді. Сонымен қатар 51 педагог-ассистент, оның ішінде инклюзияны қолдаудың жаңадан ашылған 10 кабинетінде 14 жүктеме енгізілді.
«Бұл мектепте жеті жүзден астам бала оқиды. Оның ішінде. Мектеп үшін бұл маңызды оқиға, өйткені ерекше балаларды әлеуметтендіру және дамыту – бұл бірінші кезектегі міндет. Ерекше қажеттіліктері бар балалар қиналмауы керек. Олар қоғамда болуы мүмкін және болуы керек, дәл сол үшін бізге осындай кабинеттер ауадай қажет. Ерекше білім беруді қажет ететін біздің білім ошағында 85 бала бар. 3 түзету сыныбы бар. Оған дәрігерлердің шешімімен он екі бала баруы тиіс деп шешілген. Оның сыртында психологиялық қажеттілікті қажет ететін балалар да бара алады», – деп атап өтті мектеп директоры Наталья Шагабутдинова.
Кабинетте балалар психолог, логопед және дефектологтан көмек ала алады. Инклюзивті кабинеттің жұмысы ерекше білім алу қажеттілігі бар немесе осындай қатерге жақын ерте жастағы балаларға мамандандырылған медициналық, педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсетумен айқындалады. Ал балалармен жұмыс істейтін мамандардың басты міндеті – баланың сәтті білім алуына көмектесу, қабілеттерін аша білу, практикалық мәселелерді шешуді үйрету болып табылады.
«Бұл балалар шын мәнінде тәуелсіз болады, мұнда оқушылар оқытушылардың сапалы қолдауына ие болуы үшін барлығы бар. Болашақта олар үлкен өмірге жолдама алады және көмекке мұқтаж болмайды. Біз осы бағытта одан әрі жұмыс істеуге ниеттіміз.Сабақта отырғанда қасында отырамыз. Біздің мектепте диагнозы ауыр үш бала бар. Біз олармен күні бойы біргеміз. Балаларды әкелеміз. Он бес минут оқиды. Мектепке келген кезде парақты толтырып аламыз. Сосын қандайда бір дағдарысқа түсіп қалған жоқ па. Ата-анасынан қабылдап аламыз. Оларға қатты талап та қоя алмаймыз. Қажет деп айтып түсіндіреміз. Қазір бұл білім ошағында 3 түзету сыныбы бар. 12 бала осында келеді. Диагноздары әртүрлі. Арасында ақыл-есі кеш дамығандар, аутисттер де бар. Бұл кабинетте бергі зона, құм терапиямен жұмыс істейді. Жаңадан келген бала түсінбейді ғой. Оған түсіндіреміз. Айнамен логопед жұмыс жүргізеді. Қарғып демалады. Олардың көбі бетін жауып демалғанды, бала сияқты терпеткенді ұнатады. Сосын мұғалім ескерту жасаса, көңіл күйіп дереу бұзылып, алдыңа отырып алады. Жыл басынан бері күрделі диагнозы бар үш бала. Былтыр кабинет болмаса да, бір қыз бала үйінде дайындалды. Қазір оның жағдайы жақсы. Бірінші сыныптардың арасында минуттап оқиды ғой. Өзінің қатарластарының арасынан ол бірінші орын алды. Олар ағылшын тілін жақсы. Өздеріне керек жағдайда түсіндіреді, айтады. Маман ретінде айтармыз, ата-аналар баланың бойынан ауытқушылықты сезсе, оны мойындап орталықтарға алып келсе, жағдайлары жақсарып кетеді. «Ауруын жасырған өледі» демекші тек жасырмау керек, – дейді Қостанай қалалық №21 жалпы білім беретін мектептің педагог-ассисент Арайлым Бестібаева.
Кабинет инклюзивті білім беру саласындағы соңғы үрдістері бойынша әзірленіп, жабдықталғанын атап өткен жөн.
Айта кету керек, облыстың 8 өңірінде бір мезетте инклюзияны қолдаудың 10 кабинетінің ашылуы рәсімі Аманкелді, Меңдіқара, Қостанай, Сарыкөл, Б.Майлин, Жітіқара аудандарында, Қостанай және Рудный қалаларында өтті. Бүгінде облыста ерекше білімді қажет ететін 6 653 бала бар.Айта кету керек, бүгін Рудный қаласында да Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Мемлекеттік тілде білім беретін мектеп базасында пайда болған бөлме талапқа сай жабдықталған. Осы жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік бюджет есебінен 6,8 млн теңге қаражат жұмсалды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ