Бір жылда – сегіз жоба

Қостанайда облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен Үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосып, жыл бойы жүзеге асырған жобаларымен таныстырды. Мақсат –жобалардың нәтижесін ұсына отырып, мемлекеттік мекемелер үшін азаматтық қоғам тарапынан ұсыныстар жинау. Себебі, бүгінгі таңда азаматтық қоғам, яғни, үкіметтік емес ұйымдар – халықтың шынайы  елшісіне айналған. Олардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, дәнекер ретінде мәселерін шешудің түрлі жолын қарастыратын белсенді азаматтардан құралған. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде "Елімізде азаматтық қоғамның рөлі артып келеді. Бұл табиғи және жағымды құбылыс. Сондықтан дамыған азаматтық қоғам институттары-бұл одан әрі саяси жаңғырудың негізгі жолы" деп атап көрсеткен еді.-Біздегі үкіметтік емес ұйымдар республика деңгейінде өте белсенді. Облыс әрқашан Азаматтық бастамаларды дамытудың, үкіметтік емес сектордың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының үлгісі бола білді. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмысты ұйымдастыру, жастармен жұмыс істеу, экология салаларындағы бастамалар ҚР Заңнамасына енгізіліп, еліміздің барлық өңіріне таралды. Әлем бойынша мұндай тәжірибе демократияның нақты  көрсеткіші болып саналады. Жалпы, біздің елімізде  халықтың белсенділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан көптеген жағдай жасалған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ұлғайып, жаңа жобалар қолға алынып келеді. Бұл  шарамыздың басты мақсаты – халыққа нақты көмек көрсету. Бұрыннан жүзеге асырылып жүрген тиімсіз тетіктерден арылып, азаматтардың күнделікті мәселелерін шешетін жобаларға бастамашы болумыз керек,-дейді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев. Басқарма басшысы айтқандай, облыстық  қоғамдық даму басқармасы  ҮЕҰ қолға алған жобалардың қорытындысы қоғамның талқысына салып отырады. Жалпы,  үкіметтік емес сектор нақты қоғамдық күшке айналды деуге толық негіз бар. Биыл  басқарма тарапынан  41,5 млн теңгеге бағаланған сегіз  жоба іске асырылды. Жыл өткен сайын  жобаларды  қаржыландыру ұлғайып келеді.  Өйткені,  шынайы жаңа талаптарға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру қажеттілігі айқын сезіледі.Шараны ұйымдастырушылар биылғы жылдың өңір үшін күрделі болғанын атап өтті. Бірақ, көп болып жұмылса, еңсермейтін іс жоқ. Облыс аумағында болған төтенше жағдайларға Үкіметтік емес ұйым өкілдері де қолдарынан келгенше көмектесті.  Өз әлеуетін көрсетті. Бүгінгі марапаттау рәсіміне  Қазақстанның Азаматтық Альянсы сый-сияпатын беріп жіберіпті. Сондай-ақ,  жыл сайынғы "ТОП 10 ҮЕҰ" байқауының қорытындысы шығарылды. Үкіметтік емес ұйымдардың арасында үздік шыққандарды облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев марапаттады. Қоғамдық жұмысқа  белсенді араласып,  азаматтық қоғамның дамуына зор үлес қосқандардың арасында  "Үміт – Надежда" тірек – қимыл аппараты функциясы бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы" ҚБ төрағасы Дүйсенғали Оспанов, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі Рудный қалалық филиалының төрағасы Сәлімгерей Бексейітов,  "Жітіқара ауданының мүгедектер Достастығы" ҚБ жетекшісі Клавдия  Андрианова, "Мигдаль" ҚҚ жетекшісі Владимир Алексанин, "Жайдарлы жастар" ҚҚ төрағасы Марғұлан  Бәкір, "Бірлік-2021" ҚБ жетекшісі Дәулетхан  Қосмағанбет, "Synergy" Ғылыми-білім беру орталығының басшысы Руслана Бровченко, "Облыстық корей этномәдени орталығы" ҚБ жетекшісі Ульяна  Ким, Федоров аудандық "Болашақ" жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  Надежда Кайрене бар. Сондай-ақ, онлайн дауыс беруде  көпшіліктен қолдауна ие болған "Барс" ерікті іздестіру-құтқару жасағы марапатталды. Қазақстан Азаматтық Альянсының атынан Динара Өтебаева жиырмадан астам Үкіметтік емес ұйым жетекшісін  Алғыс хаттармен марапаттады. Толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓