Тұқыл тастап тұтылған

Лисаков қалалық соты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша қала тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап, "Алау" хабарлайды. тукыл
Ер адам 6 шағын аудандағы үйлердің бірінің ауласына темекі тұқылын бейсауат тастаған. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, сол ісі үшін өкінетінін білдірді. 
Сот оны айыпты деп тапты. Азаматқа 5 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. 
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында дәл осындай құқықбұзушылық үшін 24 адам жазаланған. Солардың тек біреуі қамауға алынған-тын. Мұнымен қоса, тағы бір Қостанай тұрғыны темекі тұқылын маңайда қоқыс салғыш болмағаны үшін лажсыз тастағанын дәлелдеп шыққан еді. Сот шешім шығарар кезде мұны ескерді…

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓