Облыстың он бір үздігі
Жыл бойы белсенді еңбек етіп, жоғары жетістікке жеткен Қостанай облысының үздік жастары анықталды. Олар бүгін облыс әкімінің қолынан марапат алып, есімдері өңір жастарының "Алтын кітабына" жазылды. «Қостанай облысы жастарының алтын кітабы» жобасы 2005 жылдан бастап іске асырылуда. Осы күнге дейін кітапқа 195 жеңімпаздың есімі еніпті. Үздіктердің алдында белгілі футболшы Нұрбол Жұмасқалев бастап тұр. Спортшының есімі №1 болып "Алтын кітапқа" жазылған екен. Осы қатардан жерлесіміз, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Әлия Сапарованы көре аласыз. Қостанай облысының мақтанышына айналып жүрген көптеген спортшы, өнерлі, білімді жастар мен ғалымдар, белсенді көшбасшылардың есімдері осы кітапта жазулы тұр. Биылғы байқауға 110 адам қатысып, үміткерлердің ішінен 11-і ғана іріктеліп алынды. Үздік шыққандар қаржылай сыйақымен және арнайы грамотамен марапатталды. Лауреаттарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтап, жастарға жылы лебізін арнады. Салтанатты іс-шара З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ студенттерінің мәдениет үйінде өткен болатын. -Бүгін біз жылдың қорытындысын шығарып, қостанайлық ең үздік жастарға құрмет-қошемет көрсетіп отырмыз. Олардың қол жеткізген жетістіктері, еңбектегі табыстары, жоғар ынәтиделері лайықты бағаларын алып, есімдері «Қостанай облысы жастарының алтын кітабына» енгізіледі. Елбасы Н.Назарбаев әрқашан жастар өкілдеріне ерекше көңіл бөледі. Биылғы жылдың 5 қазанындағы Жолдауында мемлекет басшысы 2019 жылды жастарға анауы бекер емес. Біздің облысымызда жастардың сапалы білім алып, қалаған мамандықтарын меңгерулеріне, мақсаттарына жетулеріне қажетті жағдай жасалып отыр. Осы мақсатта экономика, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік салаларында заманауи нысандар салынуда. Жастар саясатын дамытуға деген мемлекеттік қаржыландыру көлемі де жоғары. «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Еңбек» сияқты бағдарламалар үшін мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Мұндай қолдаулар жастарды табысқа жетуге жетелейді, – деді облыс әкімі. Салтанатты іс-шараға жобаның әр жылдардағы жеңімпаздары қатысты. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Сүндет Байғожин марапаттау рәсімінің құрметті қонағы болды.
Қазіргі уақытта Қостанай облысында 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның біреуі облыс орталығында, үшеуі қалалық жерлерде, қалған 16-сы аудандарда орналасқан. Соның бәрі коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істеп жатыр, яғни толығымен мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта Қостанай облысында 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның біреуі облыс орталығында, үшеуі қалалық жерлерде, қалған 16-сы аудандарда орналасқан. Соның бәрі коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істеп жатыр, яғни толығымен мемлекеттің қаржыландыруы арқылы жұмыс істеуде.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.