Қазақстандағы салмағы ең үлкен әйел көз жұмды
Қазақстандағы салмағы ең үлкен әйел қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай қаласының ірі салмақты тұрғыны Галина Воробьева жәрдем сұрағаннан кейін, төрт айдан соң қайтыс болды, деп хабарлады оның туысқандары.Биыл шілде айында салмағы 350 келіден асып кеткен 39 жастағы Галина Воробьева шарасыз күйге түсіп, тілшілерден жәрдем сұраған еді. Азаматша ол кезде салмағының қанша екенінен бейхабар болатын, өйткені бірде-бір таразы мұндай дене салмағын өлшеуге жарамайды. Салмағының шектен тыс артып кетуінен әйелдің денсаулығы сыр бере бастаған. Мамыр айынан Галина үйден мүлдем шықпайтын болған, себебі аяғының ісіп кеткені сонша, жүруге шамасы келмейтін. Оны ауруханаға жеткізу үшін ТЖД қызметкерлерін шақыруға тура келді. БАҚ-та жарияланғаннан кейін оған әртүрлі ауруханалардан шақыртулар келіп түскен. Алайда дәрігерлер Галина қандай көмекке мұқтаж екендігін біле алмастан дүниеден озды.