“Учаске” операциясы: екі күн ішінде 60 құқық бұзушылық

1 қазаннан бастап Қостанай облысының аумағында "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Полицейлер екі күн ішінде облыста 60-тан астам заң бұзушылықты анықтады.Операция аясында учаскелік полиция инспекторлары екі айдың ішінде әр пәтер мен ауланы аралайды. Тұрғын үйлердің кіреберістерінде, дүкендер мен ойын-сауық орындарында тәртіп сақшылары профилактикалық бағыттағы ақпараттық буклеттерді орналастырады. Облыс тұрғындарына полицейлер өз байланыс нөмірлерін қалдырады.– Полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерлерді, саяжай қоғамдарын тексеруде. Тексеру ІІБ-де профилактикалық есепте тұрған адамдарға және тұрғылықты жері бойынша азаматтық қару иелеріне де қатысты болады. Жедел алдын алу іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Күдікті адамдар туралы полицияға хабарлауды өтінеміз, – деді Қостанай қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Талғат Жүсіпов.
Сондай-ақ, полицейлердің күштері елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтауға тұрған адамдарды тексеруге бағытталатын болады.
– Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шараларын күшейту үшін "Учаске" ЖАШ жүргізіледі, – деп атап өтті подполковник Талғат Жүсіпов.Екі күн ішінде полицейлер 63 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде спирттік ішімдік ішкені үшін – 26, отбасылық – тұрмыстық жанжал жасаған – 5, қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін – 12, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 2 тұрғын, қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін – 1, ҚР-да тіркеусіз тұрғаны үшін 15 адам жазаланған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓