Тарихтың жаңа парағы

Сайлау біз күткендей өтті. Өзім сағат 9-да барып таңдауымды жасадым. Бір ай бойы облыстық қоғамдық штабта жұмыс істедім. Саяси науқан күні №14 сайлау учаскесіне бақылаушы болып барып, кешкі 21.00-ге дейін сонда болдым. Бюллетень санау процесіне қатыстым, ешқандай өрескелдік болған жоқ. Бір байқағаным, адамдардың сенімі мықты. Оған қоғамдық штаб жұмысының ықпалы да өз нәтижесін берді деп ойлаймын. Халықтың көңіл-күйі де жоғары, тіпті, музыканың әуеніне билегіміз келіп тұр деген азаматтар да болды. Учаске басына тұтас отбасымен жиналғандарға қарап, болашақтың жарқын болуына дауыс беруге келгендер деген сенім ұялады. «Отан отбасынан басталады» деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. Жауапкершілік деген осы!Сонымен қатар, кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс бергендерді көрдім. Олар үшін бұл науқан аса зор мақтаныш екені рас. 
Бүгіннен бастап тарихымызда дамудың жаңа парағы ашылып жатыр. Бұл ең алдымен Президент үшін емес, тұтас халық үшін зор жауапкершілік. Осы жолда бар еңбегімізді сарп етуіміз керек.

Несібелі Басенова,
ҚР құрметті заңгері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓