Мемлекетті дамыту — әрқайсымыздың міндетіміз
Бұл жолғы сайлауда Қазақстан халқы өзінің дұрыс таңдауын жасады. Азаматтар тек Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғана емес, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларға, еліміздегі оң өзгерістерге, жарқын келешегімізге дауыс берді.
Жұртымыз әділетті Қазақстанда өмір сүргісі келеді. Сол себепті, бұл сайлау заңды тұрғыда өтті деп толық айта аламыз. Оның үстіне, Қасым-Жомарт Кемелұлын халықтық коалиция – Парламенттегі үш партия, жиырмадан астам қоғамдық ұйым қолдады.
Ендігі кезекте бұған дейін бастаған науқанды жалғастыру және сайлауалды ұсынған бағдарламаны жүзеге асыру міндеті тұр. Ол өте ауқымды шаруа, қаншама атқарылатын мақсатты жұмыстар бар. Бұл іс бір ғана президент немесе жоғары кәсіби үкіметтің қолынан келмесі анық, оған ең әуелі халықтың зор қолдауы қажет. Кешегі саяси дода әр адамның берген дауысына қатысты болған болса, бұдан былай да мемлекеттің даму саясаты сол әрбір азаматтың борышы болып саналмақ.
Серік Бектұрғанов,
Қостанай облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.