Тарихи маңызы зор таңдау
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аса жауапкершілікпен өтті. Ел азаматтары бұл күннің маңызын жақсы түсініп, таңертеңнен сайлау учаскесіне ағыла бастады. Еліміздің әр өңірінен түрлі ақпараттарды алып, елдің бірлігін көріп, сүйсініп отырдым. Кешке жақсы хабар жетіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев басым жеңіске жетті!
Ел тұрақтылық пен дамудың пайдасына өз таңдауын жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Жаңа Қазақстан елімізді өркендетуге, әлем мемлекеттері арасындағы беделімізді нығайта түсетініне сенімдімін! Бұл бағытта баршамыз біріге жұмыс істеп, елдің дамуына үлес қосуымыз керек.
Барша қазақстандықтарды тарихи маңызы бар сайлаумен құттықтаймын!
Денис Качеев,
Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі