Ұжым болып қолдаймыз
Ел Президентінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауы Білім күніменен тұспа-тұс келіп отырғаны бізді қуантады. Білім саласы бойынша Жолдаудағы айтылған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің жоғары бағалануы ерекше толғандырды. Себебі, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі аталған мамандық бойынша жылма-жыл білікті мамандар даярлап шығаруда. Бұның айғағы колледж түлектері Республикамыздың әр өңірінде, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай облысының барлық аймақтарын және Жангелдин мен Амангелді аудандарын қажетті кадрлармен қамтамасыз етудеміз. Сондай-ақ, осы орта буын кадрлерінің еңбекақысының көтеріліп, тәрбиешілерді аттестациялау үрдісінің қосылуы олардың педагогикалық мәртебесін көтеруге ықпалын тигізеді. Осы тұста педагог мамандардың міндетті жүктемесін азайтып, сапалы білім беруді қамтамасыз етілуі, біздің даярлап жатқан мамандардың да жоғары білікті жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыр. «Орта білімнің сапасы табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты» – деп, Президент өз Жолдауында көрсеткеніндей бұл, біздің жастарымызға басым бағытпен, нақты тапсырмаларды жүктегенін үлкен жауапкершілік деп сезінеміз.
С. АЛМАТОВА,
Н. Құлжанова атындағы Торғай
гуманитарлық колледжінің директоры.