Бүгінгі таңдау – ертеңді айқындау
Жангелдин ауданында да 25 сайлау учаскесі таңғы 7:00 ден бастап, сайлаушыларға есігін айқара ашты. Ерте келіп дауыс берген сайлаушыға сый-сияпат табысталды. Сайлау учаскесі төрағаларының айтуынша, осы уақытқа дейін ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Әр партияның сенімді өкілдері жіті қадағалап отыр.
“Елімнің ертеңі, мемлекетіміздің мәртебесі, ұрпағымыздың баянды болашағы үшін дауыс береміз” дейді жанкелдиндік сайлаушылар.
-Ертеңіне үмітпен қарау – адамға тән абзал қасиеттердің бірі. Ел басқарған азаматтардың әрбір сөзінен жақсы жаңалық күтетініміз де содан. Ел қашан да қол бастайтын көсемге, сөз бастайтын шешенге үміт артады. Қазір де сол. Бүгінгідей геосаяси ахуал ушыққан заманда мемлекетіміздің маңызды саяси жаңалығынан ешкім сырттап қалғысы келмейді. Бізге жан-жақтан анталаған көздер көп, солар айтқан сөздерге құлақ түретіндері де бар. Десек те, өзгелер үшін емес, өзіміз үшін, өз еліміздің келешегі үшін сайлауға бір кісідей қатысып, дауыс берсек, мерейіміздің үстем болары сөзсіз, – дейді аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тойғанбол Нұрханов.
Байбатыр Ахметбеков
Жанкелдин ауданы