Меңдіқаралықтар да мейлінше белсенді

Меңдіқара ауданында 47 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Таңертеңнен бері әрқайсысы белсенді жұмыс атқарып, дауыс берушілерді жылы жүзбен және сыйлықтармен қарсы алды. Аудандағы №596 сайлау учаскесіне осы өңірдегі ең кәрі сайлаушы, 93 жастағы Елена Ткаченко, есімдері Меңдіқараға, облысқа, елге танымал тұлғалар, қарапайым тұрғындар тайлы-таяғы қалмай келіп, өз таңдауларын жасады. Сонымен қатар, аудан әкімі Ғабит Бекбаев та қалауындағы үміткерге дауыс берді. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы В.М. Корольдың айтуынша, жалпы дауыс беру учаскелерінде 114 жас бірінші рет сайлауға қатысқан. Сайлау учаскелерінде бірінші дауыс берушілерге және белсенді қарияларға сыйлықтар табыс етілді.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓