Инватакси жұмысын жандандырды
Рудный қалалық ерікті мүгедектер қоғамы арбаға таңылған жандардың өтініші бойынша инватакси қызметін қайта жандандырды.
Көлік және коммуникациялар министрлігі бекіткен ережеге сәйкес, инватакси қызметін жұмысқа, мемлекеттік мекемелерге, білім беру және медициналық ұйымдарға барып-қайту үшін 1 топқа жататын қаланың 244 мүмкіндігі шектеулі жаны пайдалана алады.