Сарыкөлдіктер де сайлаудан сырт қалмады
Сарыкөлдік сайлаушылар да өз учаскелеріне келіп, таңдауларын жасау үстінде. Аудан орталығындағы №669 сайлау учаскесінде ең алғашқы болып Евгений Досмағанбетов дауыс берді.
-Бүгін азаматтық белсенділік танытып, еліміздің болашағы үшін өз дауысымды беруге келдім. Осы үшін сыйлық алу мен үшін күтпеген тосынсый болды, – дейді ол.
Аталған учаскеде ең жасы үлкен сайлаушы, 83 жастағы Торғын Жапаева да өз таңдауын жасады.
-Бұл ел келешегі үшін жасалып жатқан қадам ғой, шырағым. Ең бастысы, еліміз тыныш, бейбіт заман болсын! – деп батасын берді әжей.
Сонымен қатар, осы учаскеде аудан әкімі Амантай Балғарин де келіп, өзі таңдаған үміткерге дауыс берді.
Жалпы, дауыс беру процесін коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің тәуелсіз байқаушылары қадағалайды. Аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде барлығы 33 сайлау учаскесі бар.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы