Әулиекөлде құрылыс басталды
Қостанай облысында орман өртінен жапа шеккен тұрғындарға үй салу жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Жағдайды аймақ басшысы А.Мұхамбетов барып тексерді.
Аудан орталығы маңынан бөлінген жер телімінде 91 үй бой көтереді. Қазір құрылысшылар болашақ баспаналардың іргетасын салып, су және газ құбырларын төсеуге кіріскен.
"Құрылыспен тоғыз компания айналысып жатыр. Олардың қатарында, "БК-Строй", "Рудный СоколовСтрой", ""Алюминстрой", "СК КБС" секілді тәжірибелі ұйымдар бар. Үйлердің көлеміі 100 шаршы метрлік,, ауласының ауданы 10 сотық болады. Сондай-ақ, 280 орынға шақталған балабақша құрылысы да жоспарға енген", – дейді облыстық Құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.
Құрылыс және абаттандыру жұмыстарына облыстың барлық өңірлері жұмыла жәрдемдесіп жатыр. Олар аудан аумағын қалыпқа келтіруге, оның ішінде саябақтар мен скверлер, сәулетті нысандар салуға, сондай-ақ ауданды санитарлық тазартуға үлес қоспақ.Естеріңізге сала кетейік, жаңа үйлер 2-2,5 ай ішінде салынып бітеді.Оған мемлекеттік бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, елдің басқа аймақтары да құрылыс материалдарын жөнелтіп жатыр.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев