Бір тәулікте 26 мас жүргізуші ұсталды
Өңірімізде бір тәуліктің ішінде 26 мас жүргізуші көлік жүргізуден шеттетілді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Мас жүргізушілерді анықтау бойынша полицияның рейдтік шаралары «Мас жүргізуші-қылмыскер» үш күндік алдын алу операциясы (6-8 қараша аралығында) аясында өткізілуде.
«Шараның бірінші күнінде 3010-нан астам жолда жүру ережесінің бұзылуы фактісі анықталды, – деді ІІД өкілі Әділбек Нұрмахин. – Көлікті мас күйінде басқарған 26 жүргізушіден басқа, 66 адам жылдамдықты асырғаны , 53-і – қауіпсіздік белбеуін тақпағаны 23-і – ұялы телефон арқылы сөйлескені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жолда жүру ережесін бұзған 30 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.
Мешіт Ғазиз