Қаңғыбас бала үйіне қайтарылды

Қарабалықтық азаматша жергілікті полицейлерге 15 жасар баласының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтып арызданған. Жеткіншек Қарасу ауданында тұратын әжесіне қонаққа бармақ болып жолға шығып кетіпті, бірақ діттеген жерге жетпеген. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары адасқақты есен-сау күйінде тауып алды. Қостанайда әлдебір танысының үйінде жатыпты. Сапарының орта жолынан үйіне қайтарылды.iuy3
Айтпақшы, оның бақылаусыз және қаңғыбастыққа бейім жасөспірім ретінде тіркеуде тұрғаны белгілі болды.
                                                   

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓