Жол ережесін білесің бе?
Үстіміздегі жылдың 7 қаңтарынан бастап жаңа жол жүрісі ережелері қолданысқа енді. Жаңа ереже жол қауіпсіздігін сақтауға, жол жүрісіне қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Қалың көпшілік ережелерді жан-жақты талқылап жатыр. Жол-патруль полициясы қызметкерлері де алдын алу жұмыстары барысында заң талаптарына түсінік беріп, жүргізушілермен әңгіме өткізуде. Тәртіп сақшылары тоқтатқан көліктің жүргізушісі Сағындық Сүндетов (суретте) жаңа жол жүрісі ережелерін телефонына көшіріп жазып алып, оқып-біліп жүргенін айтты. Полиция қызметкерлері алдымен заңға түсінік жұмыстарын жүргізіп, кейін оның орындалуын талап ететін болады.