Ресей тұрғыны болып танысқан: алаяқ қостанайлықтарды сан соқтырды

Қаскүнем 15 қостанайлықтың атынан онлайн несие рәсімдеген. Жалпы шығын – 10 млн теңге.
Алаяқтық жасады деген күдікпен Қостанай қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір қылмыстық іс 15 эпизод бойынша тергеліп жатыр.
«Ол бейтаныс адамдардың сеніміне кіріп, өзін ресейлік ретінде таныстырған. Қиын жағдайға түсіп, ақшасыз қалғанын айтыпты. Оған туыстары қаражат аударатынын сылтау етіп, тұрғындардан банк есепшотының реквизиттерін өтініп сұраған", – дейді облыстық ПД баспасөз қызметкерлері.
Алаяқ аңғал жәбірленушілердің телефонымен ақша және тауар түріндегі онлайн-несиелер рәсімдеген.
«Жалпы шығын сомасы – 10 млн теңге. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді департамент мамандары.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓