Ана мен баланы қорғау тұжырымдамасы әзірленіп жатыр
Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Балалары бар отбасылардың заңды мүдделерін қорғау, балаларды қоса алғанда барлық қазақстандық үшін өмір сапасының жоғары стандартына қол жеткізу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі саналады. Ол 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында, 2025 жылға дейінгі Қазақстанның ұлттық даму жоспарында, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму тұжырымдамасында, «Дені сау ұлт» әрбір азаматқа денсаулық сақтаудың сапалы әрі қолжетімділігі» ұлттық жобасында көрініс тапқан», – деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан «Ұлттық қор – балаларға» жаңа жобасын іске қосу жоспарланған. Жоба аясында балалардың арналуы жинақтаушы есешотына олар 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы аударылып отырады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасындағы ана мен баланы қорғау тұжрымдамасы (2023 жылы қабылдау жоспарланып отыр) әзірленіп жатыр. Балалар жылын өткізу аясында 2027 жылға дейінгі Балалардың мүддесіне орай ұлттық жоба әрілеу мәселесі пысықталуда. Ол баланың игілігіне арналған кешенді іс-шараларды қамтиды. Бұған қоса, балалардың аман-саулығын мониторингілеу ұлттық жобасын қалыптастыру жне балалардың игілігіне бағытталған ұлттық саясаттың тиімділігін бағалау мақсатында жыл басынан бері барлық өңірде балалардың аман-саулығы индексі жүзеге асырылып жатыр», – деді Әлихан Смайылов.