Ауыл мектебінің мұғалімдеріне кампус-тур өткізілді
Қостанайдағы NIS-те «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Сарыкөл ауданының №1 Урицк орта мектебінің мұғалімдеріне экскурсия өткізілді.
Оған Урицк білім беру ордасының сынып жетекшілері және директордың орынбасарлары қатысты.
Жобаның басты миссиясы – қала мен ауылдық жердегі білім беру арасындағы алшақтықты жою, оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру, тірек мектептердің білім сапасын арттыру.
Кездесуде мектеп психологтарымен, кітапханашылармен және кураторлармен семинарлар, тренингтер, практикумдар мен тағылымдамалар өткізілді.
«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы – «Қазақстан халқына» қоры, Білім беруді тұрақты дамыту қоры және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының серіктестікте жұмыс істейтін ауқымды бағдарлама. Ауқымды жобаға республика бойынша 17 тірек мектептері айқындалған.