Қостанай НЗМ командасы жеңіске жетті
Қостанай NIS командыасы Астанада (жаратылыстану-математикалық бағыттағы секциясы бойынша) және Алматы қаласында (әлеуметтік және гуманитарлық бағыт секция бойынша) бір уақытта өткен байқауда жүлделі орындарға ие болды.
10 сынып оқушылары: «Әдебиет» секциясында Нұрдәулет Игенов «Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы «Сағыныш» концептісі» (ғылыми жетекшісі – қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Қабденова Салтанат Қалижанқызы) және «Информатика» секциясында Ерболат Сембаев «QILS – интерактивті оқыту квест жүйесі» (ғылыми жетекшісі – информатика пәні мұғалімі Зеленов Борис Александрович) тақырыбындағы ғылыми жұмысымен бірінші орындарды иеленді.
Екінші орындарды «Өлкетану» секциясында Әсем Жарқынбаева мен Осман Хабибуллаұлының «Қостанайдың туризмді дамытудағы «Торғай геоглифтерінің» рөлі» (ғылыми жетекшісі – Исиргепов Дамир Буранбаевич және Аликулова Марал Сейсенбековна) және «Математика» секциясында Санжар Куставлетов «F3, F5, F7-де квадрат теңдеулердің шешімі» (ғылыми жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі Мусабекова Майра Мурзабекқызы) ғылыми жұмыстарына берілді.
ІІІ орын иегерлері Самира Әбілмәжінова мен Нұрдәулет Игенов «Арқалық қаласының оңды-инновациялық даму жолдары» (ғылыми жетекші, география пәнінің мұғалімі Мурзаханов Мұратхан Болатұлы) және «Информатика» секциясында Амина Искакова мен София Синицина, «Интеллектуальная информационная система управления «EWA» на основе одноплатного компьютера Raspberry и микроконтроллера Arduino с применением биометрической аутентификации» (ғылыми жетекшісі – информатика пәнінің оқытушысы Шерцер Александр Иванович).