Астыртын арақ цехы анықталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы департаменті алкоголь өнімдерін өндіретін жасырын цехтың қызметін анықтап, жолын кесті. Жалпы сомасы 7 млн теңгенің өнімі дайындалған.
"Тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және т. б. анықталып, тәркіленді", – дейді ҚМА баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді.