Жаңа әлеуметтік желі пайда болады

Twitter-дің негізін салушылардың бірі Джек Дорси Bluesky Social атты жаңа әлеуметтік желіні қолданысқа шығаратынын айтты.
Marca басылымының мәліметінше, Bluesky Social-дың басқалардан ерекшелігі көп болады.
«Атап айтқанда, ол AT Protocol алгоритмі базасынан жекеленеді. Тұтынушылардың басқа әлеуметтік желілерге бекіткен аккаунттары мен деректерін Bluesky Social-ға көшіруге мүмкіндік береді. Автор бұл жобаны 2019 жылы қолға алған. Қазір жабық бета-тестілеуден өтіп жатыр», – делінеді басылым ақпаратында.
Сондай-ақ, Дорси оның жобасына қосылғысы келетін әзірлеуші мамандар іздеу үстінде. Әсіресе, Twitter-дің жұмыстан шығарылған немесе Илон Маск келгелі қызметтен кетуді жоспарлап жүрген қызметкерлерін командасына қосқысы келеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓