Қостанайлық вахташылар мінген автобус Ресейде аударылды

Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан автобус Челябі облысында апатқа ұшырады. Қоғамдық көлікте 22 жолаушы болған.
МВД медиа порталының жазуынша, жол апаты шамамен таңғы сағат 6-лар шамасында болған. Автобус жүргізушісі жауған қардың кесірінен тізгінге ие бола алмай шұңқырға аударылыпты.
Соның салдарынан 13 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қалған адамдар дін аман. Ауруханаға түскендердің бірінің хал үстінде жатыр. Ол апат кезінде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан. Сондықтан басқалардан гөрі ауыр зардап шеккен.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓