“ОТТЫҚ – балаларға ойыншық емес”
Қостанай қаласының тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы және балалардың отпен тентектік жасауын болдырмауды, әсіресе, жаңа жыл мерекелері қарсаңында көңілді әрі есте сақталардай болу үшін не істеу қажет? Бұл мәселе облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен талқыланды. Көптеген ұсыныстар мен идеяларды қызу талқылағаннан соң барлығы бір ауыздан «Балалардың отпен тентектік жасауына жол бермейміз!» тақырыбында флэш-моб өткізуге тоқталды. 2015 жылдың 12 желтоқсаны «МАРТ» СОО бесінші қабатында балалар бимен оттық пен шырақтың себебінен болған лаулаған отты бейнеледі. Отты өрт сөндіргішті қолдану ережесін білетін балалар сөдірді. Флеш-моб «Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар» қысқа мәтінді суреттермен, қолдан жасалған оттықтар мен «Оттық балаларға ойыншық емес!» жарнамалық ұранын шығарумен аяқталды.
«МАРТ» СОО келушілері мен қызметкерлеріне балалардың отпен тентектік жасауын болдырмау, үйдегі қауіпсіздік және отпен абайсыз қолдану жөнінде жадынамалар мен қысқа мәтінді суреттер таратылды.
Қостанай облысы ТЖД МӨББ
бас маманы Мұқанова Бахыт