Полицейлер жүргізушілерді таңқалдырды

Акция облыс орталығының кіреберісіндегі үлкен көпірдің қасында басталды. ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенконың айтуы бойынша, мұндай шара жайдан-жай таңдалмаған:
– Менің әріптестерімнің көп-шілігі отандық машиналарды мініп жүр. Бұл шараның мақсаты өзімізде құрастырылатын көлік-терді насихаттау.
Мұндай тосынсый жүргізушілерге ұнады. Сондай жүргізушілердің бірі "Ssang Yоng" автокөлігінің жүргізушісі Әнуарбек Әлішев.
– Мен өз елімнің патриотымын. Себебі, отандық өнімді таңдадым. Осыдан екі жыл бұрын осы көлікті сатып алған едім. Бұл таңдауыма ешқашанда өкін-беймін. Жолда жүргенде жол тәртібін қатаң қадағалаймын. Және өзгелерден де осыны талап етемін. Бұл мен үшін тосын сый. Жүргізушілерді тек қана жазаламай ара-тұра ынталандырып отырған дұрыс, – деді же-ңімпаз.
ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Юрий Панасенко отандық көлікті тізгіндеген жүргізушілерге естелік сыйлықтар мен жаяу жүргіншілер жолағынан өту ережелері толтырылған буклеттерді тапсырды.
Қостанайлық сақшылар өзі-мізде құрастырылып жатқан отандық көліктердің сапасын жоғары бағалайды. Облыстық ішкі істер департаменті екі жыл қатарынан қызметтік көліктерді "АгромашХолдинг" АҚ алуда. Қазіргі күні тәртіп сақшылары 56 отандық көлік мініп жүр.