Әскерде темірдей тәртіп қажет
Еліміздің Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарында тәртіп орнатып, қылмыспен, құқық бұзушылықпен күресу зор маңызға ие. Әскери талаптарды орындау Мемлекет Конституциясында қатаң қадағалауға алын-ған. Себебі, әскери міндетті орындау – әр азаматтың қасиетті борышы саналғандықтан, әскери басшылық кез келген қызметшіні тәртіп сақтауға, құқық бұзбауға тәрбиелеп отырады. Ал еліміздің Бас әскери прокуратурасының ұсынысы бойынша әскери бас-қарма және қылмыстық қудалау органдары үйлестіру кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құрылымдарда 2013-2015 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаны орындау барлық әскери бөлімдерге жүктелді.
Дегенмен әскер қатарында тәртіпке бағынбау әрекеттерінің болып жатқанын айтқан жөн. Былтыр әскери институттың курсанты Д.Дәулет оқу ортасының казармасында курсант Нүсіп-байға әлімжеттік жасап, оны сабап тастаған. Осы оқиғаға әскери институтта орнатылған бейне-бақылау камерасының жазбасы дәлел болды. Қостанай гарнизонының әскери соты Д.Дәулетті қылмыстық кодекстің 370 бабының 1 тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны бір айға қамау туралы үкім шығарды.
Осындай әлімжеттік көрсету мен адам ұрудың аяғы өлімге әкеп соқты. 2013 жылы ҚР ҰҰ 6697 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Ж.Мұқанбетов Б.Бакировқа жұдырық жұмсап, соңғысы соққыдан қайтыс болды. Қостанай гарнизоны әскери соты үкімімен Ж.Мұқанбетов ҚР ҚК 370 бабының 3 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери қызметшілері тарапынан қылмыс жасау да толастамай тұр. Үстіміздегі жылдың 18 ақпан күні 2032 әскери бөлімі шекара бақылау бөлімшесінің бақылаушысы А.Сандыбаев шекара қызметін атқару ережелерін бұза отырып, бөтен адамның куәлігін ұсынған азаматша А.Служаеваны ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізіп жіберген. Аталған азаматшаға азаматтық сот өндірісі бойынша сот орындаушысы салған шектеу-ге байланысты елден шығуға тыйым салынды. Ал сот үкімі бойынша А.Сандыбаев ҚР Қылмыстық кодексі 376 бабының 1 тармағымен кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге әскери қызметтен шеттетілді және мемлекет қазынасына оның ай сайынғы табысының 10% ұсталып тұру жазасы тағайындалды.
Ал Армения Республикасының 12 азаматы мемлекеттік шекарадан өткендігі туралы жалған ақпаратты электрондық ақпараттық жүйеге енгізіп, мөртаңбалар басқаны үшін "Тобыл" шекара бақылау бөлімінің бақылаушысы Р.Біржанов ҚР ҚК 376 бабының 1 тармағы бойынша Қостанай гарнизоны әскери сотының үкімімен жұмыстан шығарылды.
Қостанай гарнизонының әскери соты бұзақылық пен тонау жасады деген айыппен ҚР ҚМ кадет корпусының кадеті М.Хамидуллин мен азамат С.Боранбаевты ҚР ҚК 178 бабының 2 тармағы және 257 бабының 2 тармағы бойынша кінәлі деп танып, олар-ға тиісті жаза кесті.
Қостанай гарнизонының барлық әскери бөлімдері мен мекемелері бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Сарбаздардың көпшілік орындарда, казармаларда, қоймаларда, арсеналдарда бейнекамералардың болуы әскери жүйені тәртіпке келтіруде.
2014 жылдың бірінші жарты жылдығында ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қостанай бөлімінің қызметкерлері барлығы 54 материал қарастырып, 5 қылмыстық іс қозғады.
Ермұрат БЕЙЖІГІТОВ,
ҚР ІІМ Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасының Қостанай бөлімінің бастығы.