Қайдасың, қайда сол жылдар?

Мен бала күнімде бір адам-дай қозғалысты болдым. Сөйте тұра, сабақта алғырмын. Сол артық қимылдарым өзіме білі-нуші ме еді, үйден гөрі түзде көп жүргесін, байқала қоймап-ты. Бірақ қазір үлкендер "е, сендердің бала кездерің есіміз-де қалмапты, қазіргінің балала-ры секілді ананы-мынаны шұ-қылап, артық-ауыс мазамызды ала бермеуші едіңдер" деп оты-рады. Бір жағы олардың да ай-тып отырғанын дұрыс па дей-мін. Себебі, өздері де күні бойы жұмыста болады, партия, үкі-меттің тапсырмасы бар, солар-ды орындау керек. Ал біз болсақ, әке-шешемізге еркелеу бы-лай тұрсын, оларды кей кезде кешкі уақыттарда болмаса, көп көре бермейміз. Олар көбіне ертемен жұмысқа кетіп жүре-тін.
Сабаққа барарда, әсіресе, түс мезгілінде оқитындарға үйден мектепке қарай уақытында шығу деген жоқ қой, қайткен күнде бір-екі сағат бұрын кетесің. Құдды бір шаруаңнан қалып бара жататындай. Өзің қатарласың бар, үлкені-кішісі бар, жиналатын жеріміз болады – стадион маңы, клуб жақ, әй-теуір мектептің қасынан аулақ жүреміз. Сөмкелерімізді бір жерге тау-төбе қылып үйіп қойып, ойынға бас қоямыз. Ойы-нымыз да анау-мынау емес – "ақтар мен қызылдардың соғысы". Сол "соғыста" жеңіп келеміз бе, жеңіліп қаламыз ба, білмеймін, бірақ үйден мұн-таздай болып шығып, жолдағы ойыннан кейін сыныпқа талай рет ақ шаң, көк шаң, алба-жұл-ба кіргенімді ұмыта алмаймын.
Әлі есімде, екінші сыныпта оқитын кезім еді. Күздің екінші айының орта кезі. Бірде "соғысты" жеңіспен аяқтаған бо-луым керек, мектепке дүлей күшпен келіп кірдім. Сынып-тың есігінен аттап, сол қабырға жақтағы парталарды жағалай жанталасып, орныма қарай ал-қына жүгіріп бара жатқаным сол еді, жолда ілулі тұрған "сынып бұрышын" иығым-мен қағып өте шығып-пын. Беті әйнекпен қап-талған көрнекілік еденге бар салмағымен гүрс етіп құлап, тас-талқан болып шағылды. Сынған затқа қарап, бірдеңе деп ойлап та үлгерген жоқпын, сыныпқа апайымыз кірді де келді. Сол арада мені жерден алып, жерге салды. Ондайда ақталып тұру қайда! Желкелеп алып, мектеп директорына ертіп апарып, болған жайды баяндап жатыр. Мектеп директоры "сенімен жеке сөйлесемін" деді де, апайды ертіп, біздің сыныпқа қарай кетті. Мені кабинетіне қамап, сыртымнан кілттеп қойды. Өз-өзіме келе алмай, қалбалақтап тұрғанда, кабинеттегі глобусты қағып кетіп, оны да жарып ал-дым. Сабақ уақыты аяқталған кезде мектеп басшысы кабине-тіне оралып, тәрбие жұмысын өткізгенін ұмыта қоймаспын. Уақыт деген маған келгенде тоқтап қалған ба, әлде кері ай-нала ма, білмеймін, әйтеуір "ға-сырдан да ұзақ күн" болды сол күн мен үшін. Абырой болған-да, директор глобустың жа-рылғанын байқамай қалды.
Екі иығым салбырап, пар-там қайдасың деп келе жа-тырмын. Үлкен дәлізде үзіліс-ке шыққан үлкен-кіші оқушы түгел жүр. Бәрі маған ала көз-бен қарап тұрғандай ма, болма-са көзіме солай көрінді ме, не керек, ұзақ аяңдап сыныпқа кірдім. Кірсем, жоғары сынып-та оқитын ағам құрдастарын ертіп әкеліп, сынған "сынып бұрышын" жөндеп, шегелеп, әйнегін салып, орнына іліп ке-тіпті. Бірақ мен оған аса қуана қойған жоқпын. Білем, кеш-кісін үйдегілер менің күндізгі шытырманға бергісіз уақиғам-нан хабардар болып отырады. Оның үстіне апайымның да басымнан сипай қоймасы анық. Сабақ сабақ болған жоқ, үн-түн-сіз отырдық қалған екі сабақта. Апай терезеден сыртқа қараған күйі ойда отыр, жүзін бізге бір де бұрған жоқ. Сол бастауыш-тағы сынып жетекшім мен үшін аса ыстық еді. Өзі жуырда ғана жоғары оқуды аяқтап, жұмысқа кіріскен кезі. Жас, мінезі орнықты, ұяң болғанмен, менің бүгінгі істегенім жүй-кесін шегіне жеткізді білем, бағана қатты дауыс көтеріп айғайлағанынан әлі есімді жия алмай отырмын.  
Сабақтан шығып, үйге кел-гем. Үлкендер жағы жұмыстан орала қоймапты. Жалпы, бала кезде бірдеңе бүлдіріп тастап, оныңды ата-анаң білсін, білме-сін, соны қалай жуып-шайсам екен деп, өзіңнен  өзің пысық-сып, артық жұмыстарды істеп, тіл алғыш бола қалатының бар емес пе. Мен де сол әдетіммен үйдегілер жиналғанша, түскі-ден қалған ыдыстарды жуып тастадым. Өзімше бөлмелерді сыпырған болып жүрмін. Әй-теуір сабақта істегенім әшкере болғанның өзінде, үлкендер аз да болса аяушылық білдіреді деген ой ғой менікі. Бірақ "ба-ланың көңілі – далада", бір сәт сыртта ойнай тұрайын деп, шы-ғып кеткем. Аздан соң жолда үйге қарай келе жатқан ше-шемді көрдім. Ештеңе деген жоқ. Әкем де өтті, ол кісінің де менде шаруасы болмады. Егер бүгінгіні білсе, біреуі болмаса, екіншісі бірдеңе дер еді ғой, алайда ештеңе демеді. Сонда да мен әлденеден сезіктенгендей, үй жаққа жолай қоймадым.
Ойнап жүріп, қалайша қас қарайғанын білмей қалыппын. Ойымда ештеңе жоқ (әсіресе, күндізгі уақиға), қақпаның алдына таяғаным сол, анадайда біздің үйге қарай… апайым ке-ле жатыр екен. Сол жерде қаққан қазықтай болып, сілейіп қаттым да қалдым. Денеме кә-дімгідей қорғасын құйып тас-тағандай. Ерітінді басымнан аяғыма қарай ауырлап жинала берді, жинала берді. Орнымнан қозғала алмаймын. Апайым ма-ған қарап өтіп барады. "Бәлем, бүгінгі істегеніңді түгел жайып саламын" деп естілетіндей ме, қалай өзі? Кекеткенін, әлде маған солай көрінгенін, құдай біледі, зілмен күліп өтіп бара-ды. Мен апайымды үйге дейін көзбен шығарып салдым. Бітті деген осы!
Аздан соң өз-өзіме келіп, ақырын басып, терезенің ту сыртынан келіп қарадым. Бәрі шәй дастарқанда отыр екен. Апайым кесені алады да, ақы-рын ғана ұрттап, біресе әкеме бірдеңе айтады, енді бірде ше-шем жаққа да қарап сөйлеп отыр. Жүзі салқын. Арасында қабағын түйіп, алақанын да сермеп қойып сөйлейді. Менің хикаям ғой жыр қылып айтып отырғаны, басқа не болсын.
Апай біздің үйде көп отырған жоқ, орнынан тұрды, ал мен ауладан алыстап қашып кеттім. Сол бойы қараңғы түскенше үйге кірген жоқпын. Ендігі үл-кендер ұйқыға кетті-ау деп, есікті ашып, үйге кіріп келсем, бәрі сол дастарқаннан әлі тұр-мапты. Ақырын басып ішке ен-дім. Бүкілі маған қадала қарап қалған, бірақ үн жоқ. Әлде ма-ған солай көрінді ме, түсініп болмадым. Тек ұрысты қайсы-сы бастар екен деп, алдын ала "қылша мойным – талша" болып психологиялық тұрғыда дайындалып келгем. Аз-кем тұрып едім, ешқайсысы үндемеді. Ендігі ойым – тез көрпеге кірсем, содан көзім бір ілініп кетсе. Сол бойыммен төсегіме барып құладым. Қор ете қалыппын.
Осы уақиғаны сол күйі үйдегілердің ешбірі қозғаған жоқ. Тіпті, соны көзімен көрген ағам да. Бертін келе осы жайында үлкендерге баяндап бермеймін бе. "Сол күні апайым менің "сынып бұрышын" сындырғаным туралы ештеңе айтқан жоқ па?" деп сұрағам. Бірақ мен жайында бір ауыз әңгіме қозғалмаған. Ол кезде әкем ауылнай қызметінде жүрген. Күзгі орақ кезінде кабинетінде отырмайды. Не егін басында, не қырманда болады. Ал апайым негізінен мені емес, әлдебір шаруамен әкемді үйге іздеп келіп отырған беті екен. Менің сол жолы жалғыз уайымым болды – сынып жетекшім маған қайтып мойын бұрмастай көрінген. Бірақ апайым келесі күні менімен әдеттегідей жылы амандасты. Өткенді қозғаған жоқ. 
"Құланның қасуына, мыл-тықтың басуы" дәл келе жаз-даған күн болған сол бір ұзақ күн. Мен сол бойы сынып же-текшімді ренжітпеуге тырыс-тым. Апайым да соны түсінді ме, мені жақын тартатын бол-ды. Тек менің үшінші сыныпты бітірген жылы отбасымыз кө-шіп кетті.
Жыл сайын мұғалімдердің кәсіби мерекесі келген сайын сол бір істеген қылығым есіме түседі де отырады. Осы уақыт-қа дейін небір дарынды, білім-ді, өнегелі, тәрбиелі мұғалім, ұстаздардың алдынан өттім. Бі-рақ алғашқы сынып жетекшім мен үшін өзгеше, дара, ірі қал-пында қалды.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓