Салт атты полицейлер саяжайларды күзетеді

Салт атты полицейлер мен жеке меншік күзетшілердің бірлескен қызметінің арқасында Қостанай облысында  бау-бақша бірлестіктерінің аумағында ұрлық-қарлық 12%-ға төмендеді. Бұл жайлы Қостанай облыстық ІІД күзет қызметін қадағалау бойынша бөлімінің инспекторы полиция капитаны Болат УАҚБАЕВ баяндады.
Қазіргі уақытта облыс аумағында же-ке меншік және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін 160 күзет ұйымы бар. Олар-дың бір бөлігі облыс аумағындағы бау-бақша қоғамдастықтарына қызмет көр-сетеді.
Мысалы, Қостанай қаласында орна-ласқан "Элеваторщик", "Дархан" бау-бақша қоғамдастықтары  "Қыран-2009" ЖШС мен Қостанай ішкі істер басқар-масының салт атты полицейлер взводы-мен күзетіледі.
Көптеген бақша иелері полицейлер мен жеке меншік күзетшілер бірлестігінің пайдасын сезінуде. Жыл сайын жеке меншік күзет ұйымдарымен келісім-шарт құратын саяжай иелерінің саны көбейе түсуде. Ақпаратты және күзет ұйымдары-ның тізімін Қостанай облыстық ІІД сайтынан қарауға болады.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓