Қылмыстық іске нүкте қойылды
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты лисаковскілік бизнес-вумен Надежда Потапованы өлтірген Виктор Жмыховке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сот үкімімен Жмыхов кінәлі деп танылды. Оған қатаң режімдегі түрмеге тоғытылумен 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген Қостанай облыстық сотының хабарламасында.
Анықталғандай, 2016 жылдың 26 қыркүйегі күні Лисаковск қаласында, кешкі сағат 9 шамасында таксиші болып жұмыс істейтін Виктор Жмыхов жәбірленушімен бірге алаңқай жерде көліктің салонында отырып, екі жақты келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Одан кейін Потапова өзге әйелмен байланыста бола тұра онымен жыныстық қатынасқа түскен Жмыховке ашуын білдіре бастаған. Жәбірленуші бұл туралы сүйіктісіне айтып беретінін жеткізген. Осыдан кейін ер адам оны өлтіруді шешеді.
«Сүйіктісіне олардың жыныстық байланысы туралы айтып беретінінен қорыққан Жмыхов жәбірленушіні буындырып өлтірген. Жәбірленуші сол орында көз жұмды. Бұдан кейін айыпталушы оның денесін саяжайдағы үйдің жертөлесіне тығып қойған», – делінген резонансты қылмыстық істің материалдарында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.