“Көкнәр-2014” шарасының нәтижесі қандай?

Республикамызда 1 маусымнан 31 қа-занға дейін "Көкнәр-2014"  алдын алу іс-шарасы өтті. Осы уақыт ішінде Қостанай облыстық ІІД есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы басқармасы облысымызда 114 қылмысты ашты, оның ішінде 51-і есірткіні тарату фактісі бойынша, 44 факті есірткіні сақтау бойынша, есірткі өсіру бойынша 4 және есірткі заттарын пайдалану тәртібін бұзу бойынша 3 факті, есірткінің заңсыз айналымы бойынша 10 факті тіркелген. Жалпы айналымнан 500 килограмға жуық  түрлі есірткі заты тәркіленді.
Қостанай облыстық ІІД есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы басқармасының басшысы полиция подполковнигі Лев Квасенко жалпы тәркіленген есірткілердің ішінен героин салмағы – 1,5 килограмнан астам, марихуананың салмағы – 173 килограмм, гашиш салмағы 3 килограмға жуық, сора салмағы 130 килограмнан артық екенін және жедел  жұмыстың барысында полицейлер 1146 жабайы сора талдарын және 244 килограмнан астам соранын көзін жойғаны жайлы баяндады.
Лев Квасенко ағымдағы жылы  есірткімен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тартуға байланысты  оқиғаларды еске салды. Қостанай облыстық ІІД есірт-кіге және нашақорлыққа қарсы басқарманың қызметкерлері Қостанай облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, облыс орталығының Карбышев көшесінде "Фольксваген-гольф" маркілі автомобилін ұстағанын баяндады. Автомобиль салонында 49 жастағы ер адам болды. Іздеу жұмысының барысында полиция және арнайы қызмет қызметкерлері машина салонынан салмағы 1 килограмнан асатын полиэтилен пакеттегі героинді тапқанын айтты. Күдіктінің бұрын есірткі бизнесіне байланысты сотталып, есірткі қолданып, оны сататыны анықталды.
2 қыркүйек күні Набережная көшесінде тағы бір есірткі сатушы ұсталды. Күдікті 34 жастағы ер адамға 60 грамнан асатын марихуана шөбін сатқан. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 259 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
8 қыркүйек күні облыстық есірткіге және нашақорлыққа қарсы басқарманың қызметкерлері ІІД кинологтарымен бірге Сарыкөл ауданында жекеменшік үйдің құрылыстарында гашишқа толы 18 пакет, марихуанаға толтырылған 4 фляганы тауып алған. Жалпы тәркіленген есірткінің салмағы 50 келіге жуық.                                                 
Полиция подполковнигі Лев Квасенконың айтуынша, профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты жабайы өскен заңсыз өсірілген есірткіні іздеп табу және көзін жою. "Көкнәр-2014" профилактикалық іс-шарасының барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 262 бабы бойынша 4 факті, Әкімшілік Кодекстің 318 бабы бойынша 67 факті ашылды.
 Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓