Еңбекақылары төленді

Қостанай қаласы прокуратурасы жұмысшылардың құқығын қорғау мақсатында еңбек қатынастары саласындағы жағдайға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Үстіміздегі жылдың өткен кезеңіне тексеру барысында "Север птица" АҚ кәсіпорынның 282 жұмысшылары алдындағы берешегі 11 656 096 теңгеге жеткен. Аталған құс фирмасының еңбек заңнамасын өрескел бұзғаны анықталды. Осыған байланысты қала прокуратурасы көрсетілген кәсіпорын директорының заң бүзушылықтарды жоюы туралы ұйғарым шығарды.
Алайда, аталған ұйғарымға "Север птица" АҚ белгіленген мерзімде оны орындауға мүмкіндіктерінің жоқтығын айтып, хат жіберді, осыған орай қала прокуратурасы оны мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығарды.
Қабылданған қаулы негізінде құс фабрикасы қызметкерлері алдындағы қарызы толық көлемде төленді.
А.ҚҰРМАНОВ,
           Қостанай қаласы прокурорының  міндетін атқарушы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓