Итіне ие болмағаны үшін…
Оқиға 16 сәуірде болған. Екі жасар баласын жетектеп жүрген анаға кавказ овчаркасы кенеттен шабуыл жасайды. Салдарынан әйел сол жақ жамбасы мен жіліншігінен жарақат алады. Жәбірленушінің үрейден айқайлағанын естіп, көршісі көмекке ұмтылған. Бірақ оның да басы бәлеге қалады. Ит оған да тіс батыра бастайды. Осы кезде балалы ананың жұбайы дер уақытында келіп, қолындағы күрегімен қабағанды иесінің ауласына қуып тығады.
Арыз берген әйел стационарлық және амбулаторлық тексерістен өз ақшасы есебінен өткенін айтады. Ал сәбиі ит көрсе шошынатын болған.
Ит иесі әкімшілік жазаға тартылды. Ол өз жануарын вакцинациядан өткізбеген болып шықты. Барлық жайттар ескеріліп, жәбірленуші тарапына айыпкерден 91 мың теңге өндірілді.