Жолаушы әйел пойызда босанды

Арқалықтан елордаға бағыт алған жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді. Жүкті әйелді босандыруға жолсеріктер мен дәрігер жолаушылар көмектескен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар пойызы Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлерінен зайыбының толғағы қысып жатқанын айтып, көмек сұраған.
Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырған. Темір жолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы болып келе жатқан маман мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.
"Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындаған. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) және Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда барлық қажетті жағдайлар жасалды. Дүниеге қыз бала келді", — дейді "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясындағылар.
Жолсеріктер пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның нәрестесін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓