Техникалық байқаудан өту мерзімі ұзартылады

20 қазаннан бастап Қазақстанда жаңа автокөліктер үшін техникалық байқаудан өту мерзімі 4 жылға дейін ұзартылды.
ҚР 2014 жылы сәуірде қабылданған "Жол қозғалысы туралы" заңы бойынша техникалық байқауды өткізу процедурасын жетілдіру мақсатында мынадай өзгерістер енгізілді: жаңа автокөліктері үшін техникалық байқауды өту мерзімін 1 жылға ұзарту, яғни 4 жылға дейін; қағаз жүзіндегі техникалық байқаудан өту туралы куәландыратын бланктерден бас тарту; техникалық байқау барысында көлік салығын төлегендігі туралы құжатты ұсынуды жою; техникалық байқау кезінде жол-көлік оқиғасына   соқтырған көліктің ақауларын таппағаны үшін операторларды жауапкершілікке тарту; операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкерші-ліктерін күшейту" делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл заң 2014 жылы 20 қазаннан бастап күшіне енгі-зілмек.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓