Ізі суымай қолға түсті

DSCF91062014 жылғы 15 қазан күні Ар-қалық қаласының Абай даңғылы 72 үйдің тұрғыны А. есімді азаматтан Арқалық қаласы ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне арыз-шағым түсті. Сол күні сағат 00.00 шамасында арызданушыға Абай даңғылында орналасқан "Грация" сән салонының жанында белгісіз, жас шамасы 19-23-тегі  азамат арызданушыға тиесілі "Нокиа" маркалы ұялы телефонын күш көрсетіп тартып алған. Келтірілген шығын – 5115 теңге. Кезекші бөлімінің берген бағыттары бойынша дереу жедел із-дестіру шаралары жүргізілді. Жедел іздестіру шарасы барысында әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты А.Оразалиннің және жол-патрульді полиция взводының полицейлері: полиция аға сержанты Д.Әбділдин-нің, полиция аға сержанты С.Жолтаевтың, полиция сержант-тары: Н.Әубәкіровтың, Д.Зейнуллиннің қызмет атқару кезінде қырағы әрекеттерінің арқасында  1993 жылы туылған Арқалық қаласы  Шақшақ Жәнібек көшесі 105-үйдің тұрғыны Д. деген азамат анықталып, қолға түсті. 
Сонымен қатар, жедел іс-шара барысында  күдіктінің 2014 жылғы 14 қазаннан 15 қазанға қараған түні сағат 02.15 кезінде Арқалық қаласы Қайырбеков көшесі 48-үй, 44-пәтер тұрғыны 1985 жылы туылған Т. деген азаматтан  "Нау-рыз" алаңында арызданушыға тиесілі "Самсунг Галакси Доус" маркалы ұялы телефонын   күш көрсетіп алып қойғандығы анықталды.  Келтірілген шығын – 12 500 теңге.  Екі күдікті  де кінәсін мойындады. Айғақты заттар тәркіленді.
Екі бірдей қылмыстың ізін суытпай ашуда кәсіби шеберлік пен қырағылық танытқан Арқалық қаласы ішкі істер басқармасының жоғарыдағы қызметкерлерін марапаттауға облыстық ІІД ұсыныс жолданды.
Ақмарал МАКИБАЕВА,
Арқалық қаласы ІІБ кадр жұмыстары тобының инспекторы полиция капитаны.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓