Жеңімпаздар есімі анықталды

2022 жылдың қазанның 10-13 күні аралығында Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары арасында тоғызқұмалақтан желілік спартакиадасы өтті.
Ұлттық ойынымыздың жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті.
Биылғы жарыста Қостанайдағы Зияткерлік мектебінің намысын  төрт оқушы қорғада. Олар – Гаухар Хамзиева, Ильяс Сайтахмет, Дария Арсаева және ең жас ойыншымыз Әділет Жақсыбек.
Үш күнге созылған тоғызқұмалақтан желілік спартакиадасында жеңімпаздардың есімдері анықталды. Жоғары топ ер балалар арасында жақсы ойын көрсеткен Ильяс Сейтахмет Орал және Шымкент Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларын алға жіберіп, 3-ші орынға ие болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓